Парламент

Қ.Тұрғанқұлов: Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін дайындауға жауапты

Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылардың тізімін дайындауға жауапты.Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өтіп жатқан ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес барысында ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Астана қаласы25 Қаңтар , 11:06

«Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде кандидаттар мен саяси партияларға тең жағдай жасауды қамтамасыз ету керек. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сайлауалды үгіт жұмыстары тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін басталады», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Яғни, саяси партиялар үшін үгіт-насихат 20 ақпаннан, Мәжіліс депутаттағына Қазақстан халқы Ассамблеясынан ұсынылатын кандидаттар үшін 6 наурыздан, ал мәслихат депутаттығына үміткерлер үшін 24 ақпаннан басталады.

«Сайлауалды үгіт-насихат басталған уақыттан саяси партиялардың мақсат-міндеттерін насихаттайтын барлық ақпарат партияның сайлау қорынан төленуі тиіс. Сайлауалды үгітті қамтитын барлық жарияланымдарда қаржыландыру көздері туралы ақпарат көрсетілуі тиіс», - де атап өтті ОСК төрағасы.

Сондай-ақ, «учаскелік сайлау орындары сайлаушылардың тізімін сайлауға 15 қалғанда таныстыруылары қажет. Әкімдіктер 28 ақпанда бұл жұмысты толығымен аяқтап, акт бойынша сәйкес орынға жеткізулері керек».




Яндекс.Метрика