Парламент

В.Фоос: Саяси партиялар кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерді электоральді кампанияға тағайындай алады

Саяси партиялар кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерді электоральді кампанияға тағайындай алады, деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос семинар-кеңес барысында.
Астана қаласы25 Қаңтар , 10:57

«Қазір сайлау учаскелері мен сайлау округтерінің шекараларын анықтау  үрдісі жүруде.  Осы аптаның соңында ол аяқталады. Бұл ақпарды қандай БАҚ-та жариялау қажет деген сұрақ туындап жатады. Бұны заң қарастырмаған. Заң бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты өңдейді», - деді ол.

Ол атап өткендей, комиссия мүшелері сайлау науқанында толығуы мүмкін. Сондықтан күтудің қажеті жоқ. Жоғарыдағы сайлау комиссиясы аталмыш бос орынға  кеңесші дауыс беру құқығы бар адамды тағайындай алады», - деді ол.

«Заңнамаға сәйкес, саяси партиялар  кеңесші дауыс құқығы бар мүшелерді  электоральді кампанияға  тағайындай алады.  Комиссия мүшелеріне айтқым келетін, кеңесші дауысқа ие адамды таңдағанда заң нормаларын сақтауға аса көңіл бөлулеріңізді сұраймын», - деді ол.




Яндекс.Метрика