Парламент

Шахтерлер, металлургтер мен кеншілер Мәжілістің мерзімінен бұрын өтетін сайлауын қолдайды-ТМКҚ

Таукеншілер, металлургтер мен кеншілер ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын өтетін сайлауын қолдайды, деп «Республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығы» БЗТ директорының міндетін атқарушы Николай Радостовец ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтып өтті.
Астана қаласы25 Қаңтар , 10:46

«Біз соңғы күндері көптеген компания басшыларымен, тау-металлургия кешенінің инженерлерімен кездесіп, ойларымызбен бөлістік. Таукеншілер, металлургтер мен кеншілер бұл бастаманы қолдайды»-, деді Н. Радостовец.

Оның айтуынша, реформаларды іске асыру үшін Парламенттің төмеңгі палата депутаттарының құрамына жаңа адамдар қажет.

«Қазергі реформаға заңдарды қабылдайтын жаңа адамдар керек. Мен ҚР Парламент Мәжілісіне Ұлт жоспары «100 нақты қадам» нормативтік базасын іске асырғандары үшін алғысымды айтамын. Ендігі кезде экономикалық нарықтың сұранысы бойынша жұмыстар жүргізу  және заңдар қабылдауды бастау керек.  Алдағы уақытта ҚР Парламент Мәжілісіне қазіргі орын алып жатқан жағдайды дұрыс қабылдай алатын, білімді қызметкерлер келеді деген сенімдеміз. Сайлау жоғары дәрежеде өтеді деп ойлаймын»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Республикалық тау-кен және металлургия кәсіпорындары қауымдастығы 2005 жылы құралды. Бүгінгі күні ТМКҚ Қазақстандағы ірі сауда бірлестігі болып келеді. Оның құрамына 100-ден астам қара және түсті металлургия компаниялары, уран және көмір кәсібі, Еуразия тобының кәсіпорындары, «АрселорМиттал Қазақстан» АҚ, ««Қазахмыс» Корпорациясы»ЖШС, «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ, «Богатырь Комир» ЖШС, «RioTinto» т.б кіреді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика