Парламент

Ә.Мағауов: Жаңарған Парламент – ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартатын басты фактор

Жаңарған Парламент – ҚР-ның инвестициялық ахуалын жақсартатын басты фактор, деді «KAZENERGY» мұнайгаз және энергетикалық ұйым кешенінің қазақстандық қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов.
Астана қаласы25 Қаңтар , 10:43

«Kazenergy» қауымдастығы парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы президент Жарлығын қолдайды. Бұл шешім қазіргі күрделі жағдайда уақытында қабылданып отыр деп ойлаймыз. Парламенттің алдыңғы шақырылымы үлкен жұмыс атқарды. Нақтырақ айтсақ, «100 нақты қадам» реформалары аясында 80-нен астам заң қабылданды. Сондай-ақ, біз инвестициялық жағдайды жақсарту саласында үлкен резервтер көріп отырмыз. Қазір экологиялық кодекске өзгерістер әзірленді. Және де Жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға өзгерістер әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда Жер қойнауы туралы кодекс жобасы дайындалды. Біз ол биыл қабылданады деген ниеттеміз. Біріктірілген салық және кедендік төлемдер туралы кодекс талқыланып жатыр», - дейді Ә.Мағауов.

Оның айтуынша, парламенттің жаңаруы, оған жаңа идеялардың, креативті депутаттардың келуі – заңнамалармен мұқият жұмыс жасап, жер қойнауы саласында инвестициялық жағдайды жақсарту үшін қажетті базаны жасауға мүмкіндік береді.

«Біз тиімді парламент – инвестициялық жағдайды жақсарту үшін тиімді заңнаманы дайындаудың басты факторы деп санаймыз. Қазір әлемдік энергетикалық нарықта бағалардың төмендеуіне ықпал етіп отырған себептер көп. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласына да әсер етіп отыр. Сондықтан, біз жер қойнауын реттеу саласында жедел шаралар қабылдау керек деп ойлаймыз. Мен баршамызға, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік қызметтерге жаңа парламентпен бірігіп, күрделі жұмысқа дайындалу керек деп ойлаймын», - деп ойын қорытындылады Ә.Мағауов.

 




Яндекс.Метрика