Парламент

Қ.Тұрғанқұлов: Мәжіліс пен мәслихат сайлауы заңнама талапытарына сай өтуі тиіс

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы заңнама талапытарына сай өтуі тиіс.Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өтіп жатқан семинар-кеңес барысында ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.
Астана қаласы25 Қаңтар , 10:32

«Сайлау науқаны екі ай ішінде өткізілетін болады. Ал бұл мерзім ішінде біз көптеген іс-шараларды іске асыруымыз қажет. Осыған орай алдағы уақытта жауапты кезең күтіп тұр», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

Оның атап өтуінше, ең басты мақсат сайлаудың заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады.

«Орталық сайлау комиссиясы жүргізген дайындық жұмыстарына тоқталып өтейік. Біріншіден, өткен сайлау науқаны басталған уақыттан бері біз жергілікті жерлерге қажетті құжаттарды, нормативтік-құқықтық актілер, сайлауға дайындық пен өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарлары жіберілді», - деп хабарлады ОСК төрағасы.

Мұнымен қатар, сайлауды ақпараттық сүйемелдеу жоспары әзірленіп, жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында республикалық электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының эфирінде ақпаратттық бейне және аудио роликтер орналастырылған.

«Үшіншіден, қалалар мен елді мекендерде далада орталық сайлау комиссиясының тапсырысымен әзірленген сыртқы жарнамалар ілінуде. Бүгінгі семинарды ұйымдастыру да сайлау науқанын өткізудің жоспарына кіреді. Осылайша, бастапқы кезеңде қажет іс-шараларды біз іске асырып жатырмыз», - деді Қ.Тұрғанқұлов.




Яндекс.Метрика