Өңірлер

ШҚО-да 52 көппәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған

2015 жылы өңірде 1 925 пәтерлі 38 көппәтерлі тұрғын үй пайдаланылуға берілді. Биылғы жылы 6 543 пәтерлі 52 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, көппәтерлі тұрғын үйлер санын көбейту жоспарлануда, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.
Шығыс Қазақстан25 Қаңтар , 13:47

Тұрғын үй құрылысы мәселесі аймақ басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында қаралды.

2015 жылы қаржыландырудың барлық көздері арқылы 81 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген. Олардың 38-і Өскемен, Семей, Риддер қалалары мен Ұлан, Глубокое, Бородулиха аудандарында пайдалануға берілді.

2016 жылы ауыспалы нысандармен қатар жалпы ауданы 538,8 мың шаршы метрді құрайтын немесе 6 543 пәтерлі 52 тұрғын үй салынатын болады.

Салынатын үйлердің басым көпшілігі несиелік және жалдамалы үйлер. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ортақ қаржыландыру қағидаты бойынша жеке құрылысшыларды жұмылдыра отырып «Ертіс» ӘКК арқылы 11 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілмек.

«Тұрғын үйлерді тікелей бюджет қаржысына салуды тоқтату керек. Жақын жылдары бұл салаға қаржылық ағылымның азайатынын ескерген жөн. Миллиардтаған қаражатқа болашақтың инфрақұрылымын салғанша, қазіргі уақыттың жобаларын іске асырайық. Өскемен және Семей қалаларында инфрақұрылымдары дайын аудандарда үйлер салу керек», - деді Даниал Ахметов.

Айта кету керек, 2017 жылы жалпы ауданы 272 мың шаршы метрді құрайтын 31 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика