Инновациялар

Ақтауда роботтандырылған дәріхана ашылды (ФОТО)

Бірінші рет Батыс Қазақстан облысының аумағында Маңғыстау облысында «PHARMA PLUS AKTAU» дәріханасы роботтандырылған дәріхана жобасын ұсынады. Бұл жоба «Астана Innovations» АҚ іске асырылды, деп Маңғыстау облысының әкімдігі хабарлайды.
Маңғыстау 25 Қаңтар, 17:23

«Орта және шағын бизнес-азаматтық қоғамның тұрақтылық негізі,  оның дамуы қазақстандықтардың дәулеттілігін арттырады. Бүгінгі күні Қазақстанда орта және шағын бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінуде. Соның ішінде ең бастысы халықтың сапасы мен қызмет көрсеткішін  жақсарту үшін инновациялық технологияларға нығайту жұмыстары жүргізілуде»,- деп Ақтау қаласының «PHARMA PLUS AKTAU» дәріханасының директоры Гүлнәр Мусина айтып өтті.

Оның айтуынша, дәріханалық робот жобасы- Германиядан келген тәуелсіз бизнес-сарапшылардың қатысуымен SES бағдарламасы аясында  «Aster Lab solutions» (Қазақстан) және «Tecnilab Group» (Италия) бірлескен өндірістік компанияларының өнімі болып табылады. Дәріханалық роботтың басты ерекшелігі қызмет көрсету жұмысын тез орындау, қатесіз тиеу; дәріхана аумағын үнемдеу, 5 минут ішінде тауар мен материалдық құндылықтарды есепке алу.

«Аталмыш жоспарды іске асыру дәріханаларда дизайн-жоспарды таныстырып қана қоймай, денсаулық сақтау және күтімге арналған тауарларға өз-өзіне қызмет ету форматын еңгізу, халық үшін емдік және балаларға арналған косметика түрін кеңейтуге жол ашады»,-деді Г.Мусина.

Естеріңізге сала кетейік,  бұндай роботтандырылған дәріхана жобасы алғаш рет Германияда, Италияда, Францияда  пайда болған.





Яндекс.Метрика