Парламент

Мерзімінен бұрын сайлау – қазақстандықтардың қалауы

Өткен аптаның басты жаңалығы Елбасының Мәжіліс пен міслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы бастаманы қолдауы болды. Ол «Мәжілістің 5-ші шақырылымын тарату» мен мерзімнен бұрын сайлау өткізу Жарлығына қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.
Астана қаласы24 Қаңтар , 10:38

Жарлықтың пайда болуына бірқатар себептер әсер етті. Депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауын өткізу бастамасын қоғам да қолдады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл шешімді қабылдағанда да ҚР Конституциясының нормаларын сақтады.

Дүйсенбі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов, Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевпен консультация өткізді. Кездесуге сондай-ақ Президент Әкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин қатысты.

«Барлық консультациялар мен кездесулер заңнамаға сәйкес өткізілді. Бұл орайда біздің Конституцияның барлық талаптары сақталған», - деді Марат Бәшімов.

Сәрсенбі күні, 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Н.Назарбаев  5-ші шақырылымдағы Парламент Мәжілісін тарату туралы Жарлыққа қол қоюына, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындауға байланысты халыққа үндеу жолдады.

Елбасы Мәжілісі депутаттарының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа сайлау тағайындау туралы ұсынысын талдап қарағандығын айтып өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев айтып өткендей, бүгінде біздің ел күрделі жаһандық саяси және экономикалық үдерістерге тартылып отыр. Энергия қуатын беретін өнімдер бағасының құлдырауы нәтижесінде көптеген елдерді жайлаған экономикалық дағдарыс бүкіл әлемдік экономикаға және оның ажырамас бөлігі ретінде біздің елімізге де елеулі ықпал етуде. Осы бір қиын уақыт ел алдына өте күрделі міндеттер мен сын-қатерлерді тосып отыр.

«Халықаралық ахуал да күрделене түсті. Жетекші мемлекеттер арасындағы қайшылықтар ұлғайып, олардың санкциялық текетіресі күшейе түсуде. Сарапшылардың көпшілігі әлемдік державалар арасындағы келіспеушілік «қырғиқабақ соғыс» аяқталғаннан бері дәл қазіргідей ушығуға жетпеген еді деген пікірде. Осындай жағдайда өңірлік жанжалдардың жаңа ошақтары пайда болуда. Террорлық қатер де ұлғайып келеді. Босқындардың жаһандық толқыны планетаның жаңа өңірлерін бірінен соң бірін басып қалуда. Әлемдік сауда көлемі төмендеп, қор нарықтары құлдырауда. Іс жүзінде әлемнің барлық валюталары девальвацияға ұшырады. Осының бәрі өңірлік және ұлттық экономикаларға теріс ықпалын тигізеді», - деді ол.

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихатта мерзімінен бұрын өткізілетін сайлау президенттік реформаларды жүзеге асыруға кіріседі.  Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының Жоғарғы Кеңес депутаты Мақсат Сабиров айтып өтті.

«Біздің Жоғарғы кеңес үкіметке әсер ете алады. Сол себепті парламенттік коалиция министрлердің үкіметін қалыптастырады. Естеріңізде болар, Қазақстан да көп партиялы жүйені еңгізу туралы айтқан болатын, және олар ақырындап үкіметтік параленттік нысанаға келгісі келеді. Менің ойымша, Қазақстан жаңа үкіметтік жүйеге келе жатыр және біздің көршілеріміз тәжірибелі түрде бұған дайын. ҚР Парламент Мәжілісінде мезгілінен бұрын өтетін сайлау президент реформасын тез арада жүзеге асыруға септігін тигізеді»,-деді М. Сабиров.

Жалпы сайлау науқанында Мәжілістен 107 депутат таңдалатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан. Жергілікті өкілдер органына барлық деңгейлі мәслихаттан 3 335 депутат сайланатын болады, оның ішінде облыстан-550, қалалық-625 және 2 160-ы аудандық мәслихаттан, деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов  ОКҚ баспасөз  конференциясында.

«ҚР Президентінің қаулысына орай партиялық тізім бойынша сайланатын ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының мезгілден бұрын сайлауы 2016 жылдың 20 наурыз айында өткізіледі. Қазақ халқы Ассамблеясында сайланатын ҚР Парламент Мәжілісінің мезгілінен бұрын өтетін сайлауы а.ж. 21 наурызында өтеді. Сондай ақ, ОСК 2016 жылдың 20 наурызға барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының  кезекті сайлау тағайындау туралы қаулы қабылданды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.

Қазақстандықтар өзінің түбірі мен дәстүін ұмытпауы керек. Ұлттық құндылықтың сақталуына халық қалаулары әсер етуі керек, деді ғылым-антрополог, «Тұран» халықаралық ұйымының төрағасы Андраш Биро Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.

«Әр түрлі сынақ пен зауыл толған заманда оларға қарсы тұру үшін қайраткер, патриот депутаттар қажет. Жаңа Парламент халық қызығушылығы мүддесіне жұмыс істейді деген ойдамын. Меніңше,қазақстандықтар өзінің түбірі мен дәстүін ұмытпауы керек. Ұлттық құндылықтың сақталуына халық қалаулары әсер етуі керек. Әр түрлі елдерде саяси серіктестер болуы мүмкін, бірақ бауырлас елдердің құрамы өзгермейді.Біз Мажарстанда бауырлас Қазақстанның жетістігіне қуанамыз. Сіздерде бірегей Президенттік стратегия бар екенін білеміз. Стртагия елдің алдағы ондаған жылға дамуын көздеп қойған. Үлкен жетістікке жету үшін ол стратегияны ұстану қажет», - деді ол

Қазақстандықтар сайлауға ел мүддесіне адал үміткерлер қатысуы керек деп есептейді.Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының атқарушы директоры Айгүл Сәдуақасова айтты.

«Сауалнама қорытындысы бойынша сұралғандардың 93,6 пайызы мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасы уақытында жасалды деп есептейді. Респонденттердің 97,2 пайызы Мемлекет басшысының Мәжілісті тарату және мерзімінен бұрын сайлау тағайындау туралы шешімін қолдайды.Сондай-ақ сауалнамаға қатысқан азаматтардан неліктен бұл бастаманы қолдайтынын және қандай нәтиже күтетінін сұрадық. Сұралғандардың 95,4 пайызы Ұлт жоспарын жүзеге асыру үшін партияларға сайлаушылар сенімінің жаңа мандатын алу керек деп есептейді. Респонденттердің 97,2 пайызы Мемлекет басшысының қазіргі күннің мақсат-міндеттерін түсіне алатын сауатты, елдің мүддесіне адал кандидаттар керек деген пікірін қолдайды. Бұған қоса, сұралғандардың 90 пайыздан астамы кезектен тыс сайлау дамудың күрделі кезеңінде халықтың бірігуіне ықпал етеді деп есептейді», - деді ол.

Сайлауға екі ай қалды. Осы уақыт аралығында әрбір азамат өз шешімін таңдап, билікте өзінің пікірін жеткізе алатын тұлғаны таңдауы тиіс. Наурызда электоральді үрдістің өтуіне байланысты болашағымыз қалыптасады. Азаматтық белсенді ұстанымды танытып, қоғамдық өмірге араласа отырып, қазақстандықтар елдің саяси өміріне өз үлестерін қоса алады. Бұл жаһандық өзгерістер кезінде аса маңызды.

Данияр Қасымов 




Дерекнама

Яндекс.Метрика