Парламент

ҚР Конституциясының нормаларына сай шара

Депутаттардың Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың сайлауын өткізу идеясы іске асып келеді. Аталмыш үрдіс Қазақстан Конституциясының барлық нормаларына сай өткізілуде. Барлық заңның сақталуы электоральді үрдісті заңды етіп отыр.
Астана қаласы23 Қаңтар , 12:46

ҚР-дағы сарапшылардың 95,8 пайызы сайлау ұлттың бірігуіне ықпал етеді деп есептейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская айтты.

«Сарапшылардың 97,9 пайызы сайлау өкілетті органдардың құрамын сапалы жаңартуға, Қазақстанға маңызды жоспарларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді деп санайды. Бұдан бөлек, сарапшылардың 93,1 пайызы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын бірге өткізу қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарды оңтайландырады деп атап өтті», - дейді Ю.Кучинская.

Мәжілісте болатын сайлаудың бір уақытта облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарда да болуы-биліке жаңа саяси күштердің келуіне мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Қырғызстан сыртқы істер экс-министрі, саясаттану ғылымдарының докторы Алібек Джекшенқұлов айтып өтті.

«ҚР Парламент Мәжілісі мезгілінен бұрын тарату жөнінде ұсынысты Президентке білдіргеннен кейін, Нұрсұлтан Назарбаев дұрыс шешім қабылдап, депутаттарды  қолдады. Мәжілісте болатын сайлаудың бір уақытта облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттарда да болуы- билікке жаңа саяси күштерге келуге мүмкіндік беріп, Қазақстанды қиын жағдайда жол тауып шығуына септігін тигізеді. Бұған дейін барлық жауапкершілікті өз мойнына тек Елбасы алған болатын, ендігі кезде басқа да саяси күштерге де мүмкіндік беріліп отыр. Қазақстан соңғы кездері саяси мобильді көрсетіп, кез-келген жағдайға дайын екендіктерін дәлелдеуде.  Екі жыл бұрын олар реформа жүргізу керектігін айтып жатқан. Барлық әлем және біздің де өңір саяси және экономика тұрғысынан қиын күндерді кешіп жатыр. Егер Қазақстан экономика дағдарысынан шықса, ол көрші Қарғызстанға қиын жағдайда шешім таба білу үшін жақсы мысал болады»,-деді А.Джекшенқұлов.

Мерзімінен бұрын сайлау – саяси партияларға азаматтардың сенімін алуға мүмкіндік. Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың пікірінше, Парламент сайлауы мемлекет мен қоғамның күшін маңызды бағдарламалар мен бес институттық реформаны жүзеге асыруға жұмылдыратын болады. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде айтты.

М.Пішембаев өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жаһандық экономикалық жағдай батыл және байсалды шешімдерді қажет етеді. Биылғы жылы Парламент сайлауын өткізу мемлекет мен қоғамның күшін «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, бес институттық реформа мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Данияр Қасымов

 




Яндекс.Метрика