Парламент

Қ.Ғабдуллина: Мәжілістің жаңаруы мобильділік пен алда тұрған реформаларға дайындықты көрсетеді

Мәжілістің жаңаруы мобильділік пен алда тұрған реформаларға дайындықты көрсетеді, деді әлеуметтік ғылымдардың докторы, профессор Қанапия Ғамбдуллина Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы23 Қаңтар , 14:06

«ҚР Парламент Мәжілісінің өзін өзі тарату мен мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдаймын. Қазіргі сыртқы саяси жағдалар аталмыш шешімнің қабылдауына түрткі болып отыр, себебі Мәжілістің атқаратын рөлі үлкен. 2016-2017 жылдары әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыстың жаңа толқыны келе жатыр. Осы орайда Қазақстанда сайлауды жылдам өткізген абзал. Бұл барлық мемлекеттік органдарға, Қазақстан Парламенті  мен Үкіметіне сайлауға алаңдамай дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Қ.Ғабдуллинаның айтуынша, Мәжіліс депутаттары өз талаптарын түбегейлі орындады, олар Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру негізінің заңнамалық базасын құрды.

«Елге заң шағырушылар ретінде жаңа тұлғалар қажет. 2016 жылы реформалар басы мен Парламенттің жаңаруы қоғамға деген сынақ, ол елдің мобильді және барлық реформаларға дайын екендігін көрсетеді», - деді ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика