Парламент

Қазақстанның КЕҰ ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдайды

Қазақстанның КЕҰ ҚР Парламент Мәжілісінің сайлауын өткізуді қолдайды, ұйым мүшелері Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың сайлауына белсенді қатысады.
Астана қаласы23 Қаңтар , 12:14

«Астанада мәслихаттың бесінші шақырылымы құрамында, 25 адамның біреуі коммерциялық емес ұйым мүшесі болды. Бұл қалада КЕҰ өкілі 265 адамды құрғандағы көрсеткіш. Қазіргі сайлау Астананың ғана емес, Қазақстаның  коммерциялық емес ұйым өкілдеріне жаңа   мүмкіндік болып отыр. КЕҰ халықтың әлеуметтік аз қамтылған санатымен қоғамдық жұмыстарды белсенді жүргізеді», - деді «Kameda» қоғамдық қорының атқарушы директоры Махаббат Еспенова.

Қазақстандықтардың әйелдер  өкілдеріне «Ардагер»  КЕҰ президенті Баян Ахметжанова үндеу жасады. Оның айтуынша, Қазақстан әйелдері өзінің пікірін білдіруге әркез құқылы болуы керек, олар жаңа шақырылымның үздік үміткерлеріне дауыс беруді жүзеге асырулары керек.

Ауғанстан ардагерлері мерзімінен бұрын сайлау өткізуді қолдады. Бұл туралы БАҚ өкілдерімен кездесуінде Ауғанстан мүгедектер мен ардагерлер одағының өкілдері Қайрат Елубек мәлімдеді.

«Ауғанстан ардагерлері Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттың мерзімінен бұрын сайлауын өткізуді қолдайды. Елбасы Н.Назарбаев ең басты талап ретінде елге деген патриоттықты қойған болатын. Парламент Мәжілісіне осы форматтағы адамдар келуі қажет», -  деді Қ.Елубек.




Яндекс.Метрика