Парламент

Сайлауды өткiзуге әлемдiк қаржы нарықтарындағы экономикалық реформалар ықпал етіп отыр – Ю.Денисенко

Мерзімінен бұрын Мәжіліс және кезекті мәслихат депутаттарының сайлауын өткiзуге әлемдiк қаржы нарықтарындағы экономикалық реформалар ықпал етіп отыр. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Дiндердi зерттеу орталықтары қауымдастығының директоры Юлия Денисенко мәлiмдедi.
Астана қаласы23 Қаңтар , 11:56

«Мерзiмiнен бұрын парламент сайлауын өткiзу туралы шешiм әлемдiк қаржы нарықтарындағы реформалар мен оқиғаларға байланысты болып отыр. Экономикалық фактор аталған сайлауды өткiзуге ықпал етуде. Қазақстан азаматтары соңғы президент сайлауында керемет нәтиже көрсеттi. Сайлауға қатысу үлесi де жоғары болды. Алдағы парламент сайлауына қатысты жұмыстың қарқынына қарағанда, нәтиже соған ұқсас болатын сияқты», - дейдi Ю.Денисенко.

Оның айтуынша, азаматтар сайлауға қатысуды өздерiнiң саяси және азаматтық құқығын пайдалану деп қабылдайды. Бұл елiмiздегі қоғамдық-саяси өмiрдің серпiлiсiн, саясаттанушылар айтып жүрген халық пен үкiметтiң ынтымағын көрсетеді.




Яндекс.Метрика