Парламент

С.Ерғалиев: Қазақстанға жаңа экономикалық жағдайға бейімделуге жаңа көзқарасы бар жаңа адамдар қажет

Қазақстанға жаңа экономикалық жағдайға бейімделуге жаңа көзқарасы бар жаңа адамдар қажет, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында Шортанды аудандық мәслихатының депутаты Сәкен Ерғалиев айтты.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 13:02

«Қазіргі таңда мерзімінен бұрын сайлау қажет. Себебі бізге жаңару қажет. Қазір жаңа геоэкономикалық жағдайда жаңа тәртіптер мен сынақтар пайда болады. Оларды шешу үшін жаңа әдістер қажет. Бүгінде саяси партиялар депутаттар халықтың сенім мандатына ие болуы керек», - деді С.Ерғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова

Фото:  shortandy.gov.kz





Яндекс.Метрика