Парламент

Р.Сәрсембаева: ҚР Парламенті Мәжiлiсі депутаттарының кезектен тыс сайлауы - елiмiздiң басты саяси жаңалығы

ҚР Парламенті Мәжiлiсі депутаттарының кезектен тыс сайлауы - елiмiздiң басты саяси жаңалығы. Бұл туралы ОКҚ брифингi барысында Қазақстанның iскер әйелдері қауымдастығының президентi, ҚР Президентi жанындағы Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi ұлттық комиссия мүшесi Раушан Сәрсембаева мәлiмдедi.
Астана қаласы23 Қаңтар , 11:32

«Бiз ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауы елiмiздiң басты саяси жаңалығы деп ойлаймыз. Және ол әлемдегi стратегиялық маңызды оқиғалармен байланысты болып отыр. Елiмiзде саяси күштер мен қоғамдық ұйымдар осы процеске қатысып, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын, жалпы Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға үлес қоса алады», - деп мәлiмдедi Р.Сәрсембаева.

Оның айтуынша, әйелдер елiмiз тәуелсiздiк алған жылдардан бастап Мемлекет басшысының реформаларын жүзеге асыруға белсендi түрде қатысып келедi. Қазiргi таңда әйелдердiң қатысуымен, мемлекеттiң қолдауымен әсiресе бизнес, оның iшiнде шағын және орта бизнес дамып жатыр. Әйелдер түрлi салада кәсiптерiн дөңгелетiп жүр. Сондықтан, алдағы сайлаудан кейiн әйелдердiң парламенттегі үлесi артуы керек.

 «Әйелдер Тәуелсіздік алғаннан ке йін қоғамдық өмірде алатын орны ерекше болды. Олар осы реформалардың қатысушысы, себебі әйелдердің жұмысы негізінде шағын және орта бизнес дамуда», - деді ол.

 

 




Яндекс.Метрика