Парламент

А.Биро: Халық қалаулары ұлт игілігінің сақталуына ықпал етуі керек

Қазақстандықтар өзінің түбірі мен дәстүін ұмытпауы керек. Ұлттық құндылықтың сақталуына халық қалаулары әсер етуі керек, деді ғылым-антрополог, «Тұран» халықаралық ұйымының төрағасы Андраш Биро Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 11:03

«Әр түрлі сынақ пен зауыл толған заманда оларға қарсы тұру үшін қайраткер, патриот депутаттар қажет. Жаңа Парламент халық қызығушылығы мүддесіне жұмыс істейді деген ойдамын. Меніңше,қазақстандықтар өзінің түбірі мен дәстүін ұмытпауы керек. Ұлттық құндылықтың сақталуына халық қалаулары әсер етуі керек», - деді А.Биро.

Сарапшының айтуынша, әр түрлі елдерде саяси серіктестер болуы мүмкін, бірақ бауырлас елдердің құрамы өзгермейді.

«Біз Мажарстанда бауырлас Қазақстанның жетістігіне қуанамыз. Сіздерде бірегей Президенттік стратегия бар екенін білеміз. Стртагия елдің алдағы ондаған жылға дамуын көздеп қойған. Үлкен жетістікке жету үшін ол стратегияны ұстану қажет», - деді ол

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Кауметова





Дерекнама

Яндекс.Метрика