Парламент

М.Қазақпаев: ҚР Президенті қолдауға тұрарлық шешім қабылдады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қолдауға тұрарлық шешім қабылдады, деді саясаттанушы Марат Қазақпаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 12:04

«Жаңа экономикалық жағдайда Қазақстан сынды өзге елдерде де экономикалық мәселені шешуге әр түрлі әдістер пайдаланылуда. Бұл жағдайда Қазақстанға жаңа саяси элита қажет, Елбасы бұл шешімді қабылдағанда осы тұрғыны есепке алды деп ойлаймын. Жаңа идеялы жаңа адамдар келетін болса Парламент өзге органдар түйісетін қозғаушы күшке айналады. Жаңа Парламент «үздіксіз» жұмыс істеуі керек. Нұрсұлтан Назарбаев құптарлықтай шешім қабылдады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Ботагөз Айтжанова 





Яндекс.Метрика