Парламент

А.Аттия: Мәжілістің жаңа құрамы өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсетуге мүмкіндік алады

Мәжілістің келесі құрамы жаңа құрамы өзінің біліктілігі мен білімділігін көрсетуге мүмкіндік алады. Себебі осы жылдың басынан бастап Үкімет Ұлт жоспарын жүзеге асыруды бастады, деді Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Мысырдан келген маман, PhD докторы Ашраф Аттия Startegy2050.kz. АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 18:09

Өткен жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жаңа стратегиялық бағдарлама Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жариялады. Оның негізінде 59 заң қабылданды. Осыған орай, Ашраф Аттия депутаттарға жүктелген жауапкершілікті атап өтті.

«Мерзімінен бұрын сайлау өткізу мұнай мен шикізатқа деген төмен бағада экономикалық мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Жаңару – проблемаға басқа қырынан қарау мүмкіндігі. Мәжілістің жаңа құрамы өздерінің біліктілігі мен білімділігін  көрсетуге мүмкіндік алды», - деді PhD докторы Ашраф Аттия.

Шетелдік сарапшы халықтың заңнамалық билікке деген сенімі сайлау өткен соң нығая түсетінін айтты.

«Мәжіліс халық қолдауына ие болып, олардың үмітін ақтайды деп толық сеніммен айтуға болады. Парламенттің мерзімінен бұрын сайлауы халықтың заңнамалық билікке деген сенімін арттырады», - деді ол.

Мәдина Маржақыпова

Сурет жеке мұрағаттан алынды

 





Яндекс.Метрика