Парламент

М.Шибұтов: Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлау өткізу халық үшін маңызды

Мерзімінен бұрын сайлау тек мемлекеттік шара ғана емес, халық үшін де маңызды, деді Шекара маңы ынтымақтастығы қауымдастығы өкілі Марат Шибұтов.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 17:23

«Біз экономикалық жағдаймен күрес тек дағдарысқа қарсы шаралармен емес, саяси шаралармен де жүзеге асырылу керектігін түсінуіміз қажет. Ол мерзімінен бұрын сайлау өткізу. Біз экономиканың инновациялық саласын ілгерілетін жаңа тұлғаларды көруіміз қажет. Осы орайда, айтатыным, мерзімінен бұрын сайлау өткізу халық үшін маңызды», - деді М.Шибұтов.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Фото: nurotan.kz





Яндекс.Метрика