Парламент

Мәжілісте мерзімінен бұрын сайлаудың өтуі елге экономикалық және саяси тұрғыдан пайда әкеледі -ҚХА

ҚР Парламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлаудың өтуі елге саяси және экономикалық жағынан пайда әкеледі, деп Астана қаласының ҚХА хатшылығы Ляззат Құсайынова Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылым-сараптық топ отырысында айтып өтті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 17:03

«Президенттің Праламент Мәжілісінде мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы Жарлығына қол қоюы біздің ел үшін тұрақтылық, келісім мен экономикалық, саяси жақтан белес алып отырған қиындықтардан шығу жолы болып табылады. Бұл шешім әрине оңайлықпен жасалған жоқ. Дегенмен, ол келешекте өз алдында экономикалық және саяси жағынан пайда әкелуі керек. Бұл оқиға осы жылдың саяси оқиғасы болып қана қоймай, барлықтарымыз сеніммен күтіп отырған пайданы әкеледі»,-деді Л.Құсайынова.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика