Парламент

​ОСК шетелдiк байқаушыларды аккредиттеу мерзiмiн белгiледi

Шетелдiк байқаушыларды аккредиттеу 2016 жылғы 14 наурызға дейiн жүргiзiледi. Бұл жөнiнде Орталық сайлау комиссиясының отырысы барысында ОСК мүшесi Татьяна Охлопкова мәлiмдедi.
Астана қаласы22 Қаңтар , 16:32

Бүгiнгi отырыста ОСК «2016 жылғы 20 наурызға белгіленген Қазақстан Республикасы парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс және мәслихаттар депутаттарының кезектi сайлауындағы шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар байқаушылары, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерi қызметiнiң кейбiр мәселелерi туралы» қаулы қабылдады.

«Аталған қаулыға сәйкес, шет мемлекет, халықаралық ұйымның байқаушысы, сондай-ақ, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлi жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен жағдайда бiр аудармашыны ертіп жүре алады», - деп мәлiмдедi ОСК мүшесi Татьяна Охлопкова.

Сондай-ақ, ол шетелдiк БАҚ өкiлдерi ҚР Сыртқы iстер министрлiгi берген аккредиттеу туралы куәлiгiн көрсетіп, сайлауға байқаушы ретінде қатыса алатынын айтты.

«Шет мемлекет, халықаралық ұйым байқаушыларына арналған сауалнама мәтiнi бекiтiлiп, оларды аккредиттеу мерзiмi белгiлендi. Аккредиттеу 2016 жылғы 14 наурызға дейiн жүргiзiледi» - дейдi Т.Охлопкова.

 




Яндекс.Метрика