Парламент

Ю.Кучинская: ҚР-дағы сарапшылардың 95,8 пайызы сайлау ұлттың бірігуіне ықпал етеді деп есептейді

ҚР-дағы сарапшылардың 95,8 пайызы сайлау ұлттың бірігуіне ықпал етеді деп есептейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының директоры Юлия Кучинская айтты.
Астана қаласы22 Қаңтар , 16:21

Сарапшылардың 98,4 пайызы Мемлекет басшысының Мәжілісті таратып, сайлауды 2016 жылдың 20 наурызына тағайындау туралы шешімін қолдайды. Сондай-ақ, сарапшылар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей, мамандардың 96,8 пайызы сайлауды наурызда өткізу уақытында жасалып отыр деп есептейді.

«Сарапшылардың 97,9 пайызы сайлау өкілетті органдардың құрамын сапалы жаңартуға, Қазақстанға маңызды жоспарларды табысты іске асыруға мүмкіндік береді деп санайды. Бұдан бөлек, сарапшылардың 93,1 пайызы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын бірге өткізу қаржылық және ұйымдастырушылық шығындарды оңтайландырады деп атап өтті», - дейді Ю.Кучинская.

Сұралғандардың 98,9 пайызының пікірінше, кезектен тыс сайлау өткізу Парламентті «қайта жүктеп», мемлекеттік институттарға сенімді, нақты және тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ал сарапшылардың 91,5 пайызы сайлау реформаларды жүзеге асыру үшін қажет деп есептейді. Сұралғандардың 95,8 пайызы сайлау ұлтты біріктіруге ықпал етіп, мемлекетті жаңа даму кезеңіне алып шығады деген пікірде.

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика