Парламент

Д.Ким: ҚР Президентінің мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы шешімі- теңдестірілген қадам

Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауды өткізу туралы шешімі жаңа экономикалық шынайылықта теңдестірілген қадам, деп «Агромашхолдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Дин Ким ОКҚ-да өткен брифингте айтып өтті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 16:14

«Барлықтарымыз белес алып отырған әлемдік экономиканың қиын жағдайы мен дағдарысты білеміз. Қазақстан жаһандық экономика ретінде сыртқы факторлар қатарынан негативті сезінуде. Олар, валюталық дәліздің ауытқуы, энергия шығындарының  азаюы. Бұл өз кезегінде республиканың тәуесіздік алған күннен бастап құрылып келе жатқан нарық әрекеттеріне әсер етіп, өзіміздің өнімдерімізді дамытып, ұжымды, барлық әлеуметтік қоғамды қолдауға әсерін тигізеді. Сол себепті Президенттің Мәжілістің 5 шақырылымын таратып, мерзімінен бұрын сайлау өткізу бастамасын қолдау дұрыс қадам деп айтамын»,-деді ол.

Д.Кимнің айтуы бойынша, сайлау кезінде әрдайым халық нығайады. Бұл Парламентке жалпылхалықтық сенімді алып, жаһандық сынақта дұрыс шешім тауып, дағдарыс кезінде де экономиканы дамытуға жол бастайды.

«Біз мемлекетіміздің экономикасына жақсы әсер ету үшін барлық жағдайларды жасадық. Дағдарыс кездерінде халық әрдайым бірігеді, және көпұлтты Қазақстан бүгінгі күні барынша патриоттық сезімін оятуы тиіс. Сол себепті бұл бастаманы қолдай отырып, Президенттің жасаған дұрыс шешіміне құрметпен қараймыз» ,-деді Д. Ким.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімінен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика