Парламент

М.Пішембаев: Мерзімінен бұрын сайлау – саяси партияларға азаматтардың сенімін алуға мүмкіндік

Мерзімінен бұрын сайлау – саяси партияларға азаматтардың сенімін алуға мүмкіндік. Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың пікірінше, Парламент сайлауы мемлекет мен қоғамның күшін маңызды бағдарламалар мен бес институттық реформаны жүзеге асыруға жұмылдыратын болады. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде айтты.
Астана қаласы22 Қаңтар , 15:11

М.Пішембаев өз сөзінде атап өткендей, қазіргі жаһандық экономикалық жағдай батыл және байсалды шешімдерді қажет етеді. Биылғы жылы Парламент сайлауын өткізу мемлекет мен қоғамның күшін «Нұрлы жол» бағдарламасы, «Қазақстан-2050» стратегиясы, бес институттық реформа мен «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асыруға жұмылдыруға мүмкіндік береді.

«Тәуелсіздігіміздің қиын жылдарында сайлау қоғамды біріктіретін тетік ретінде болып, халықтың бірлік, келісім мен саяси тұрақтылыққа ұмтылысын көрсетті», - деп қорытты сөзін ол.

Еске сала кетейік, 13 қаңтар күні Мәжіліс депутаттары Президентке мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізуді сұрап, бастама көтерген болатын. Оның басты себебі – «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру. Ал 20 қаңтарда Елбасы Бесінші шақырылған ҚР Парламентінің Мәжілісін тарату және депутаттардың кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2016 жылғы 20 наурызға, ал Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Мәжіліс депутаттарының сайлауы 2016 жылғы 21 наурызға белгіленді.

Айта кетейік, Қазақстан машина жасаушыларының одағы – іс-әрекеттерді үйлестіру, мүдделерді қорғау мақсатында құрылған заңды тұлғалар бірлестігі. Сондай-ақ нарықта машина жасау саласының өнімдеріне, жұмыстары мен қызметтеріне сұранысты арттыру одақтың негізгі міндеттерінің біріне жатады.




Яндекс.Метрика