Үкімет

Қазақстан Премьер-Министрі ДЭФ аясында Еуропалық инвестициялық банктің президенті Вернер Хойермен кездесті

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу аясында Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Еуропалық инвестициялық банктің президенті Вернер Хойермен кездесті, деп хабарлады Премьер-Министрдің ресми сайты.
Астана қаласы22 Қаңтар , 15:04

Кездесуге қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау бойынша бірлесіп жүзеге асырған жобалар жайлы пікір алмасып, сондай-ақ жаңартылмалы энергетика саласындағы екі жақты инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 

К.Мәсімов пен В.Хойер өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға зор әлеуетті атап өтіп, болашақ ынтымақтастық үшін басым бағыттарды анықтады.

 




Яндекс.Метрика