Парламент

Қазақстанның машина жасаушылар одағы Елбасының мерзімінен бұрын Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізу шешімін қолдайды

Қазақстанның машина жасаушылар одағы Елбасының мерзімінен бұрын Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауын өткізу шешімін қолдайды. Басқарма төрағасы Мейрам Пішембаевтың пікірінше, Парламент сайлауы мемлекет мен қоғамның күшін маңызды бағдарламалар мен бес институттық реформаны жүзеге асыруға жұмылдыратын болады. Бұл туралы ол Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде айтты.
Астана қаласы22 Қаңтар , 15:03

«Соңғы күндердегі басты саяси жаңалық – Мәжіліс депутаттарының мерзімінен бұрын сайлау өткізу жөніндегі бастамасы. Қазақстанның машина жасаушылар одағы Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізу туралы шешімін дұрыс деп есептейді. Сондай-ақ еліміздегі ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын және еңбек ресурстарын біріктіретін одақ «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында айқындалған кешенді іс-шараларды қолдайды», - деді М.Пішембаев.

Оның атап өтуінше, бесінші шақырылымдағы Мәжіліс өзінің ең басты міндетін, яғни дағдарысқа қарсы бағдарлама мен маңызды реформаларды жүзеге асыруға қажет заңнамалық базаны жасады.

«Мерзімінен бұрын сайлау өткізу саяси партияларға реформалардың бастауында халық сеніміне ие болып, дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру бойынша өз әрекетінің тиімділігін көрсетуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы халыққа жасаған үндеуінде кезектен тыс Мәжіліс сайлауы мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауының не үшін қажет екенін түсіндірді. Ол жаңа жағдайда өмір сүруге үйрену қажеттігін атап өтті. Елімізде жүргізілген әлеуметтік сауалнамалар қазақстандықтардың 90 пайыздан астамының Мемлекет басшысының шешімін қолдап отырғанын көрсетіп отыр. Кәсіподақтар, еңбек ұжымдары, сарапшылар, жастар ұйымдары, этномәдени бірлестіктер, қоғамдық қайраткерлердің пікірі бір жерде тоғысады», - дейді Қазақстанның машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика