Ұлт жоспары 100 нақты қадам

2016 жылдың басынан бастап Қазақстанда Ұлт жоспарының екінші институционалдық реформасы жұмыс істеуде

2016 жылдың басынан бастап Қазақстанда Ұлт жоспарының екінші институционалдық реформасы іске қосылды. Бұл туралы Жоғарғы Соттың кеңейтілген мәжілісінде Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәми мәлімдеді.
Астана қаласы22 Қаңтар , 14:07

«Ұлт жоспарының сот жүйесін реформалау жөніндегі барлық 11 қадамын іске асыру бойынша қажетті заңнамалық жұмыс атқарылды», - деп мәлім етті Қайрат Мәми.

2016 жылға арналған міндеттерді айқындай келе, Жоғарғы Сот төрағасы сапалы судьялық корпусты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Сот төрелігін жоғары моральдық қағидаттары бар ең лайықты кәсіби мамандар іске асыруға тиіс әрі асырады да. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды, Сот төрелігі инситутын Жоғарғы Соттың қарамағына беру мәселелері заңнамалық деңгейде шешілді», - дейді төраға.

Сөз соңында Қайрат Мәми Мемлекет басшысы реформаларының іске асырылуына жергілікті жерлердегі бірінші басшылар жауапты екендігін айтты.

 

 

 




Яндекс.Метрика