Басқару

Қ.Мәми: ҚР Президентінің судьялардың VI съезінде берілген тапсырмалары толығымен орындалды

ҚР Президентінің судьялардың VI съезінде берілген тапсырмалары толығымен орындалды, деді Жоғарғы Сотта 2015 жылғы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжілісте Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.
Астана қаласы22 Қаңтар , 13:56

«Жоғарғы сот Елбасы Н.Назарбаевтың   судьялардың VI съезінде  берген тапсырмаларын толығымен орындады.2015 жылдан бастап судьялар Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, қылмыстық атқарушы кодекс пен жаңарған Кодекс аясында жұмыс істеп жатыр», - деді Қ.Мәми.

 «Мемлекеттік құрылыстың осы кезеңіне көшу бес институционалдық реформамен айқындалады. Барлық бес институционалдық реформаның табысты орындалуы заң үстемдігін қамтамасыз етуге тікелей тәуелді, сондықтан осы міндет бүгінгі кеңейтілген қорытынды мәжілістің басты тақырыбы болды», - деді төраға.

Ол бірыңғай сот практикасын қалыптастыру – қорытуларды жүргізу, нормативтік қаулыларды қабылдау, сот істерінің электрондық жіктегішін жасау және енгізу бойынша жұмыстың маңыздылығын ерекше атап өтті.

« 2015 жылы соттардың оңалту және банкроттық туралы заңнаманы қолдануы, азаматтардың тұрғын үйді жекешелендіруі, авторлық құқық және сабақтас құқықтар, моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану практикасы, сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және Жоғарғы Соттың сот актілерін қайта қару жөніндегі өкілеттілігі туралы нормативтік қаулылар қабылданды», - деді Қ.Мәми.

Соттарды реформалау бойынша бірқатар институционалды шешімдер ерекше белгіленді. Олардың ішінде құрметті отставкаға шыққан судьяларды зейнетақымен қамсыздандырудың жаңа жүйесі: осы жылдан бастап отставкаға шыққан зейнеткер судьяларға ай сайынғы өмір бойғы қамтылым төленетін болады. Бұл ретте, отставкадағы судьялардың қызметіне кез келген шектеулер қойылмайды.  




Яндекс.Метрика