Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Жоғарғы сотта инвестициялық дауларды шешетін мамандандырылған коллегия өз жұмысын бастады

Жоғарғы сотта инвестициялық дауларды шешетін мамандандырылған коллегия өз жұмысын бастады, деді Жоғарғы Сотта 2015 жылғы сот төрелігін атқарудың қорытындысы бойынша кеңейтілген мәжілісте Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми.
Астана қаласы22 Қаңтар , 13:51

«Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына, сондай-ақ республика мәслихаттары депутаттарының сайлауына баса назар аудару қажет. Ол сайлау заңнамасының бұзушылықтарына байланысты барлық шағымдар мен өтініштерді соттар қысқа мерзімдерде немесе кідіріссіз қарауды қамтамасыз етуге міндетті екендігін ерекше атап өтті. Жоғарғы Сот судьялары мен облыстық соттардың төрағалары алдында алдағы электоралдық кезеңде соттардың жұмысын жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндеті қойылды», - деді ол.

Қ.Мәми Мемлекет басшысы бірнеше рет айтқан реформалардың іске асырылуына жергілікті жерлердегі бірінші басшылардың дербес жауаптылығы туралы ескертті.

«Ұлт жоспарының сот жүйесін реформалау жөніндегі барлық 11 қадамын іске асыру бойынша қажетті заңнамалық жұмыс атқарылды», - деп мәлім етті Қайрат Мәми.

2016 жылға арналған міндеттерді айқындай келе, Жоғарғы Сот төрағасы сапалы судьялық корпусты қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.«Сот төрелігін жоғары моральдық қағидаттары бар ең лайықты кәсіби мамандар іске асыруға тиіс әрі асырады да. Осыған байланысты Жоғары Сот Кеңесі түбегейлі реформаланды, Сот төрелігі инситутын Жоғарғы Соттың қарамағына беру мәселелері заңнамалық деңгейде шешілді», - дейді төраға.




Дерекнама

Яндекс.Метрика