Парламент

Н.Досмағамбетов: ҚР Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы қазіргі заман талабына сай жауап беруі керек

Мезгілінен бұрын өтетін сайлау жаңа құрамды құрып, қазіргі заман талабының мақсаты мен міндетін жауап бере алып, Елбасының қойылған талаптарын орындай білу керек. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ЭКҚСО бастығының орынбасары, РЭШ хатшысы Назгүл Досмағамбетова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 15:18

«Әрине, ҚР Парламент Мәжілісін тарату мен мезгілінен бұрын сайлауды өткізу туралы бастаманы біз қолдаймыз. Экономиканың қазіргі жағдайын ескере отырып, аталмыш бағыт дұрыс жасалды деген сенімдеміз. Өзін патриотпын деп ойлаған әрбір қазақстандық барлық күштерін жұмылдырып, жалпы әлемдік экономикалық дағдарысты болдырмауға талпыну керек»,-деді ол.

Сарапшының айтуынша, ұлттық жоспарды жасау мен оны іске асыру үшін экономикалық тұрақтылық орын алу керек.

«Қазіргі күні экономиканы қолдау мен оның тұрақтылығын ұстау халқтың бірігуі болып есептеледі»,- деп Н.Досмағамбетова айтып өтті.

Сондай-ақ, сарапшының айтуы бойынша, ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттарда сайлаудың бірігіп өтуі Қазақстан халқын біріктіріп, әрбір қазақстандық өзінің азаматтық позициясын білдіре ауға септігін тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика