Парламент

Ю.Шахшаев: Депутаттардың жаңа корпусы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа идеяларымен келеді

Депутаттардың жаңа корпусы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа идеяларымен келеді, деді Strategy2050.kz. АА берген сұхбатында ҚХА мүшесі, «Халықтық келісім» АҰ төрағасы Юсуп Шахшаев.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 14:03

«Мерзімінен бұрын сайлау – уақытылы бастама, мен Парламент Мәжілісінің өзін өзі тарату бастамасын қолдаймын. Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихат сайлауын үндестіру қаржыны үнемдейді. 5 шақырылым депутаттары Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» жүзеге асыру үшін заңнамалық негізді дайындады. Депутаттардың жаңа корпусы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруға жаңа идеяларымен келеді», - деді Ю.Шахшаев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылым өкілеттігін тоқтатып, ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайылауын өткізу» туралы Жарлығына қол қойды.  

Анар Тәңірқұлова





Дерекнама

Яндекс.Метрика