Парламент

А.Перуашев: «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады

«Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады, деді партия төрағасы Азат Перуашев журнаситерге берген сұхбатында.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 13:24

 «Ақ жол» партиясының парла­менттік фракциясы да аталған Жарлыққа  бірауыздан қолдау білдіреді.Ай­тылған мәселе жөнін­де біз өзге фракция­лардағы әріптес­теріміздің ұстанымдары­мен келісеміз. Еліміз үшін маңызды жаңа кезеңде Парламентте қай партиялар жұ­мыс істейтінін сайлаушыларымыз ай­қындап бергенін қалаймыз. Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейлі мәслихаттардың мерзімінен бұрын сайлауына қатысады», - деді ол.

Оның айтуынша, дәл қазір Қазақ­стан үшін ең маңыздысы – тұрақ­тылық, келісім және эконо­миканың өзекті мәселелерінің дер уақытында шешілуі болып табы­лады.

«Жаңа сайлау қоғамның нені күтетінін жақсырақ білуге де сеп­теседі. Бұл жаңа Пар­ламентте өз жұ­мысын түзу және Пре­зи­денттік ре­формалар мен дағдарысқа қарсы бағдарламаны заңнамалық қамта­масыз ету саласында барлық партиялар үшін маңызды болмақ»- деді «Ақ жол» ҚДП фракциясының басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылым өкілеттігін тоқтатып, ҚР Парламент Мәжілісінің мерзімінен бұрын сайылауын өткізу» туралы Жарлығына қол қойды.  Жалпы сайлау науқанында Мәжілістен 107 депутат таңдалатын болады, оның ішінде 98-і партиялық тізімнен және 9-ы ҚХА-дан. Жергілікті өкілдер органына барлық деңгейлі мәслихаттан 3 335 депутат сайланатын болады, оның ішінде облыстан-550, қалалық-625 және 2 160-ы аудандық мәслихаттан.





Дерекнама

Яндекс.Метрика