Басқару

Қазақстанда жекешелендіру компаниялардың басқару тиімділігін арттыруға бағытталған – сарапшы

Қазақстанда жекешелендіру компаниялардың басқару тиімділігін арттыру мен елдің бюджетіне қосымша кірістерді тартуға бағытталған, деп ҚР Приезиденті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов Strategy2050.kz АА эксклюзивті берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 14:36

«Жекешелендіру-институционалды тұрғыдан дұрыс қадам, өйткені экономикаға мемлекеттің қатысу үлесін азайту қажет. Соңғы жылдары ұлттық компанияның дамуы мен квазимемлекеттік секторна бұл үрдік өсімін тапты. Бұл үрдісті түзету қажет. Сол себепті жекешелендіру-дұрыс қадам»,-деді В. Додонов.

Оның айтуынша, жекешелендіру қарқынын ішінара біздің экономикамызда жаһандық дағдарыс салдарынан болатын ауыр жағдайлар кезінде туындаған. Бұл жағдайда жекешелендіру екі мәселені шешуге бағытталған.

«Ол екі мәселені шешуге бағытталған: біріншіден, компаниялардың басқару жұмыстарын жетілдіру және екіншіден, әрине, жекешелендіруден бюджетке қосымша табыс көзін жасау»,-деді экономика ғылымының докторы.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылы 30 қарашада, Қазақстанға жыл сайынғы Жолдауында  Нұрсұлтан Назарбаев РҚ Үкіметіне жекешелендірудің жаңа бағдарламасын әзірлеп, олардың ішіне мемлекет қарамағындағы барлық ұйымдарды кіргізу жұмыстарын жүргізу туралы айтқан болатын. Бүгінгі күні Қазақстан Үкіметі 2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешендік жоспарын қабылдады. Оның ішіне 700-ден астам ұйымдар кірді.

Анар Тәңірқұлова

Жеке мұрағаттан алынған сурет





Дерекнама

Яндекс.Метрика