Өңірлер

Ақтөбе қаласында мүлікті жария ету барысында 6244 мүлік жария етілді

Мүлікті жария ету Заңының 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін созылуына байланысты комиссия құжаттарды қабылдау және қарау жөніндегі жұмысын жүргізуде, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Қаңтар , 17:39

Құжаттарды қабылдау күнсайын дүйсенбі мен жұма аралығында Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 (қалалық әкімдік ғимараты), 1 қабат, №3 кабинетте, сағат 9.00 ден 17.00 ге дейін жүргізуде.

Қала әкімдігі жанындағы мүлікті жария ету комиссиясының хатшысы Айгүл Баймашованың 2016 жылдың 19 қаңтарындағы ақпаратына сәйкес комиссияға 4005 арыз келіп түсті, оның ішінде саябақша үйлерін, жеке тұрғын үійлерді, қосымша құрылыстарды жария ету бойынша.

Келіп түскен арыздардың ішінде, 933 арыз қайтарылды, 3028 арыз бойынша объектілер комиссияда қаралып, жария етілді, ал 4 арыз бойынша жария етуден бас тартылды, 40 арыз қаралуда. 14 млрд теңгеге 6244 мүлік жария етілді.

 




Яндекс.Метрика