Адами капитал

Тұңғыш рет қазақстандық кадеттерді оқыту әдістемесі АҚШ Қарулы Күштері сержанттарымен пысықталды (ФОТО)

Шуче қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусында ҚР Қарулы Күштері мен АҚШ арасындағы 2016 жылға арналған Әскери қатынастар жоспарына сәйкес кадеттерді оқыту әдістемесін жетілдіру мәселесі бойынша семинар өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Ақмола 22 Қаңтар, 15:34

 Аталған семинар Қарулы Күштерде алғаш рет өткізіліп отыр. Алда осындай іс-шараларды өткізу кезінде зерделеу мен тәжірибе алмасу үшін ықпалдастықты кеңейту жоспарлануда. АҚШ ҚК Құрлық әскерлерінің сержант-майорлар академиясының сержант-нұсқаушылары жеке құрамды оқыту әдістемесі бойынша оқытушы және сержанттар құрамымен және негізгі нұсқау беруші құраммен сабақ өткізді.

Семинарда Кадет корпусының 25 оқытушысы мен сержанты сабақты даярлау, топпен жұмыс істеу, жоспар-конспектіні әзірлеу, өз бетінше жұмыс жасау және дәріс алушыларды бағалауды ұйымдастыру әдістемелерін пысықтады. Естеріңізге сала кетсек, Ш.Уәлиханов атындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы ҚР Қарулы Күштерінің сержанттар құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарып жүрген кіші командалық құрамға бастапқы әскери білім бағдарламасы бойынша даярлықты жүзеге асырады. 2015 жылы оқуды ең көп сержант, яғни 214 адам тәмамдады.

 Барлық кезеңде «Әскери басқару» мамандығы бойынша 2 224 сержант бітіріп шықты. Олардың ішінде оқуды 2012 жылы – 206, 2013 жылы – 206, және 2014 жылы – 181 сержант аяқтады. Жыл сайын Қазақстанның армиясы кәсіби келісімшарт әскери қызметшілерімен толығатынын айта кеткен жөн. ҚР ҚК сержанттар мен сарбаздар лауазымдарының жасақталуы қазіргі уақытта штаттық санның 71 % тұрақталды. 2015 жылы әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылданған әскерилердің сапасы артты. Сержанттарды іріктеу жүйесін жетілдіру, моральдық-психологиялық, кәсіби сапа мен денсаулық жағдайын жақсарту, сондай-ақ наркотестілеуді ерекше назарға алудың арқасында оң нәтижелерге қол жеткізілді.  

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика