Адамзаттық капитал

ҚР Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері оқ атуда жақсы деңгей көрсетті (ФОТО)

Астана қаласының маңындағы 68665 әскери бөліміне Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының кейбір құрылымдық бөлімшелері әскери қызметшілердің оқ ату даярлығының деңгейін тексеру үшін атысқа шықты, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 23 Қаңтар, 15:34

Офицерлер мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Макаров тапаншасынан оқу атыстарының 1-ші жаттығуын және Калашников автоматынан бақылау атыстарының 4-ші жаттығуын орындады. ҚР ҚК БШ Жауынгерлік департаментінде атап өткендей, оқ ату даярлығы айрықша көрсеткіш болып табылады. Оның ішінде дене, саптық, кәсіби даярлықпен қатар кешенде оның жауынгерлік әзірлігінің жалпы көрсеткіші құрылады. 

 ҚР Қорғаныс министрлігі орталық аппаратының барлық әскери қызметшілері оқ ату даярлығы бойынша сабақтарды жақсы деңгейде өткізді. Оқ ату даярлығы әскерлерді жауынгерлік даярлау жүйесінде негізгі оқыту пәндерінің бірі болып табылатынын айта кетейік. Оның мақсаты бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын әртүрлі жағдайларда қарудың мүмкіндіктерін шебер және толыққанды пайдалануға оқыту болып табылады.

Одан басқа, жауынгерлік кезекшілікке түсу үшін табельді қарудан сынақ атыстары ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен де өткізілді. Жауынгерлік кезекшлікке түсе отырып, әрбір әскери теңізші жауынгерлік кезекшілікті атқаруға шынымен дайын екенін дәлелдеуі тиіс және әзірліктің маңызды мәселелерінің бірі табельді қаруды меңгеру болып табылады. 

 





Яндекс.Метрика