Инвестициялар

ОҚО-да аймақтық инвестициялық орталық 12 мыңнан астам жобаға қаржы салған

Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы құны 8,9 млрд. теңгені құрайтын 2245 жоба «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» (АИО) арқылы қаржыландырылып, жүзеге асқан, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Южно-Казахстанская область22 Қаңтар , 19:11

Таратып айтсақ, индустриаландыру картасына енген 6 жобаны қаржыландыруға 1,5 млрд. теңге қаралса, мал шаруашылығын дамытуға кеткен ақша көлемі 4,7 млрд. теңгені құраған.

Қарқынды бау шаруашылығы мен балық шаруашылығы, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары мен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтауды ұйымдастыруға, сондай-ақ, өзге де қаржыландыру жобаларына 2,7 млрд. бөлініпті.

Айта кетейік, ОҚО әкімдігінің тарапынан құрылған «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы» (АИО) жұмысын бастаған 7 жылда Оңтүстікте 12 мыңнан астам жоба мақұлданып, оған 36,4 млрд. теңге бөлінген. Нәтижесінде, 32 мыңнан астам оңтүстікқазақстандық азамат жаңа жұмыс орындарымен қамтылып отыр. Айта кетейік, «Максимум» АИО-дан қаржыландырылып, жүзеге асырылып жатқан жобалардың 76,7 пайызы ауыл шаруашылығына қатысты.

 

 




Яндекс.Метрика