Парламент

И.Меркель: Қазақстан 12 елмен сотталушыларды қайтару бойынша келісім орнатуға дайындалуда

Қазақстан 12 елмен сотталушыларды қайтару бойынша келісім орнатуға дайын. Бұл туралы ҚР Бас Прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель Парламент Сенатының Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқыққорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында айтты.Шарада «Қазақстан мен Үндістан арасында сотталушы тұлғаларды қайтару туралы» заң жобасы қаралды.
Астана қаласы22 Қаңтар , 11:52

«Біз осы сынды келісімді 11 елмен орнаттық.Тағы 12 елмен келісім жасауды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде БАӘ, Мажарстан, Болгария бар. Қазір шетелде 2200 қазақстандық азамат жазасын өтеуде. Өткен жылы бізге 99 азаматты қайтарды. Оның көп бөлігі әрине Ресейде. 2200 адамның 48-і алыс шетелде отыр», - деді И.Меркель.

Айта кетейік, аталмыш келісімдер  сотталушы адамдардың өздерінің еліне қайтару мәселесін қарастырады.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика