Парламент

Б.Каипова: Мәжілістің жаңа құрамы ең бастысы елдің тұрақтылығын қамтамасыз етуі керек

ҚР Парламент Мәжілісінің жаңа құрамы көп партиялы, тәжірибелі, мобильді, жаһандық дағдарысқа тез арада төтеп бере алатын және ең бастысы –елде тұрақтылықты қамтамасыз ете алуы керек, деп ҚР Тұңғыш Президенті мұражайының директоры Ботагөз Каипова Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 11:42

«Әрине, ҚР Парламент Мәжілісін тарату мен мезгілінен бұрын сайлауды өткізу бастамасы елде орын алып жатқан жағдайларға орай жасалды. Сонымен қатар, Мәжіліс пен барлық деңгейлі мәслихаттардың бірігуімен жасалған сайлаудың дұрыс екендігін айтып өткен жөн. Бұл уақытылы жауап, яғни жаһандық нарық пен экономикалық жүйенің жаңа сыртқы саясат жүйесі»,-деді Б. Каипова.

Сондай-ақ, директор орынбасары Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыру барысында жедел түрде жұмыс жасап, экономика мен басқару жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді қабылдау керектігін айтып өтті.

«Мемлекет пен қоғам дағдарысты азайту үшін уақтылы және тиісті ұйғарымдарын айта білу керек. Мемлекет басшысының шығармашылық ерекшелік пен бірегейлік ойларын ұстануына орай, депутат корпусы мықты болуы тиіс.  Мәжілістің жаңа құрамы, Н.Ә.Назарбаевтың жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру мақсатында,  сөзсіз экономикалық бағытты көрсете алулары тиіс»,- деді тарих ғылымдарының кандидаты.

Б.Каипованың айтуынша, ҚР Парламент Мәжілісі бір уақытта көп партиялы, тәжірибелі, мобильді және кез келген жаһандық дағлдарысқа төтеп бере алу керек. Ең бастысы –елде тұрақтылықты қамтамасыз ете алулары тиіс.

Анар Тәңірқұлова

Жеке мұрағаттан алынған фото





Дерекнама

Яндекс.Метрика