Ұлттың денсаулығы

Қазақстандық велошабандоз Жапонияда өткен Азия чемпионатында «алтынды» жеңіп алды

2016 жылдың 19-ы мен 30-шы қаңтары аралығында болып жатқан Азия чемпионатына «Велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау орталығының» құрама командасы қатысуда.(Жапония, Ошима аралы).
Әлемде 22 Қаңтар, 13:49

Олимпиадаға дайындау Орталығы баспасөз қызметінің хабарлауынша, велоспорт түрі бойынша, Қазақстанды Азия Чемпионатында жасөспірім үлдар, жасөспірімдер қыздар мен әйелдер таныстырады.

Айтуларынша, қазіргі күні велосипедшілер жеке және топтық жарыстарда Ошима аралының тас жолындағы жарысқа қатысуда. Азия Чемпионаты жалғасуда, және Қазақстандық спортсмендер жақсы нәтиже көрсетуде.

«Вадим Пронский орталығының тәрбиеленушісі жасөспірімдер арасындағы жарыста бірінші орынды иеленіп, біздің құрамаға алтын медельді әкелді. Вадим 22,4 км қашықтықты өзінің қарсыласын 1 минут 29 секундқа артқа қалдырып, 30.55.27 секунда өтіп шықты. Вадим 17 жаста, Қазақстан Республикасының  спорт шебері болып келеді»,-деп хабарлайды.

Айта кететін жайт, қазақстанда әр  жыл сайын велосипед спорт түрі даму үстінде, және қатысушылардың саны өсуде. Сондай-ақ жыл сайын түрлі аудандық, республикалық, халықаралық жарыстар ұйымдастырылады.





Яндекс.Метрика