Парламент

З.Шәукенова: Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Жарлығы алдын ала жасалған қадамның бірі

Мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы Жарлығы алдын ала жасалған қадамның бірі, деді ОКҚ-да БҒМ Философия және саясаттану институтының директоры Зарема Шәукенова.
Астана қаласы22 Қаңтар , 11:07

 «Президент Жарлыққа қол қойғаннан кейін біз оның алдын ала жасалған қадам екеніне көзімізді жеткіздік. Қазақстан бұл сияқты істерді бірнеше мәрте өткізді. Біздің ел алдын ала қадамдар жасау есебінен гүлденген елге айналды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев күрделі онжылдық келеді деп айтқан болатын. Мұнай мен мұнай кірістеріне бағаның өсімі кезінде жедел өсімге ие болды»,- деді ол.

Оның айтуынша, бүгінде Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бойынша нақты істер атқарылуда.

«Қазақстан жаңа сынақтан өтуі қажет. Алайда, осы кезеңде нақты жоспарымыз бар. Оны қалай жүзеге асырып жатқанымыздың қорытындысына жағдай тәуелді болады», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Анар Тәңірқұлова




Дерекнама

Яндекс.Метрика