Экология

ШҚО Катон-Қарағай ауданындағы судың деңгейі тұрақтанды

Бұқтырма өзенінде жиналған іркілу нәтижесінде Катон-Қарағай ауданындағы үйлерге қауіп төнді. Тұрғындарды қауіпсіздікпен қамту мақсатында жедел штаб құрылды.
Шығыс Қазақстан23 Қаңтар , 13:54

Барлық ауылындағы 28 үй қауіпті жағдайда қалды, 92 адам эвакуацияланды, оның 25 бала. Адамдар аудандық мектептерге шоғарыландырылды. Олар тегін тамақтанумен қамтылды.

Оқиға орнында жедел штаб өкілдері жұмыс істеуде. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожа айтып өткендей, су тарқталды және бақылауда ұсталуда.

«Қорытындысында қауіп сейілген соң тұрғындар өз үйлеріне оралды», - делінген хабарламада. 




Яндекс.Метрика