Алматыда апортты қайтадан өсіру қолға алынады

Алматыда апортты қайтадан өсіре бастайды. «Алма қаласы» қолданыстағы сөзін қалпына қайта келтіру жұмыстары қаланың 1000 жылдығына орай жасалады, деп қалалық әкімдік хабарлайды.
Алматы қаласы14 Ақпан , 16:32

Айта кететін жайт, бұл мақсат үшін жер телімдері мен « Apple world» ЖШС потенциалды инвесторы белгіленіп, 2016 жылдың сәуір айынан бастап алма бағын құру жұмыстарын бастайды. Сонымен қатар, 3 агрокешенді компаниялар алма бағын қалпына келтіру жұмыстарына қатысуы тиіс. Олар үшін жаңа жер телімі іздестірілуде.

Жалпы, жылына  Алматыда  алмаға 17 мың тонна қажеттілік туындайды. Қала әкімдігі қосылған аумақтар тарапынан Алматы облысында 2020 жылға дейін алма өнімін жылына 3,5 мың тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл өз кезегінде қаладағы бестен бір сұраныс бөлігін жабады.




Яндекс.Метрика