Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Этика жөніндегі уәкілетті өкіл тағайындалды

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі орталық мемлекеттік органдар арасында бірінші болып Этика жөніндегі уәкілетті өкіл тағайындады.
Казахстан22 Қаңтар , 11:18

 Уәкілетті өкіл болып тағайындалған Тимур Тоқтабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясын «құқықтану», Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетін «геология», Көкшетау мемлекеттік университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген. Т.Тоқтабаев еңбек жолын 2003 жылы ҰҚҚ органында бастады. 2006 жылы «Қазгеоинформ» геологиялық ақпарат республикалық орталығы басшысының орынбасары болып тағайындалды, ал 2008 жылдан Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары, басқарма басшысы. 2010 жылы  «Тау-Кен Самұрық» Ұлттық тау-кен компаниясы АҚ-ның жобаларды құқықтық сүйемелдеу департаментінің директоры болып тағайындалды. 2011 жылдың тамызынан ҚР ИЖТМ Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының орынбасары. Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры. Үйленген, екі баланың әкесі.

Этика жөніндегі уәкілетті өкіл – мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың бұзылуын алдын-алу және қызметтік этика ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету, жемқорлыққа қарсы тұру бойынша қызметті жүзеге асырушы және өзінің қызметі аясында мемлекеттік қызметкерлерге және азаматтарға кеңес беретін мемлекеттік қызметкер. 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика