Парламент

А.Ешмұратов: Мәжілістегі мезгілінен бұрын болатын сайлау- экономикадағы дағдарысқа қарсы озық әрекет

ҚР Праламент Мәжілісінде болатын мезгілінен бұрын сайлау- экономикадағы дағдарыс негізіне қарсы озық әрекет, деп Қазақстан саясаттанушылар конгресінің төраға орынбасары Арман Ешмұратов ОКҚ-да болған брифингте айтып өтті.
Астана қаласы22 Қаңтар , 10:49

«Мәжілісті тарату мен мезгілінен бұрын сайлауды өткізу туралы 2016 жылғы 20 қаңтардағы Жарлық экономиканың өзгеруіне қажет. Бұл шешім республика азаматтарының ниетіне негізделіп, алдағы уақытта өзгерістер мен реформаларға бағытталған. Көбіне жарлық жаңалық болған жоқ, өйткені бұл бастамаға халық қарсы болған емес. Жарлық ҚР Конституциясына жанасады және заң жүзінде іске асады»,- деді А.Ешмұратов.

Оның айтуынша, бұл жердегі бір ерекшелік, ол ҚР Парламент Мәжілісінің үш фракциясынан айтылған бастама болды. Бұл келешекте партиялық жүйе мен саяси мәдениетті дамытуға итермелейді.

«Бұл бастама халық арасында қолдау алып, Елбасының жарлығымен бекітілді.  Бұл халықтың пен елдің ықыласы өз жеке басынан жоғары тұрғандығын көрсетеді.  Саяси партиялардың бұл іс-әрекеттері үлкен жауапкершілікке ие. Екінші жағынан қиын кезеңде сайлауды өткізу бастамасы әрбiр саяси партия үшiн тактикалық көзқарасын қамтамасыз етуге мүмкіндік ашады.  Мерзімінен бұрын сайлау- экономикадағы дағдарыс негізіне  озық әрекет. Келешекте сайлау науқанын жүргізіп, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» орындауға нақты кірісу қажет»,-деді ол.

А.Ешмұратовтың айтуы бойынша, Сайлау-халық қызығушылығын біріктіретін жаңа этап түрі мен саяси партияларға сенім мандатын  болып келеді.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика