Басқару

2015 жылы сотқа жетпей шешілген істер саны 24 пайызға көбейді

ҚР Жоғары сотында өтiп жатқан кеңейтiлген мәжiлiсте Жоғарғы Соттың азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы Елис Әбдiқадыров азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша құқық қолдану практикасының өзектi мәселелерi туралы баяндады.
Астана қаласы22 Қаңтар , 10:42

Е.Әбдiқадыров бiрыңғай сот практикасын қалыптастыру, қорытындылау, нормативтiк қаулылар қабылдау, сот iстерiнiң электрондық жiктегiшiн жасау және енгiзу жұмыстары өте маңызды екенін атап өтті. 

Сондай-ақ,  Жоғарғы Соттың азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы Елис Әбдiқадыров атап өткендей, 2015 жылы сотқа жетпей шешілген істер саны 24 пайызға көбейген.

Оның айтуынша, 2015 жылы соттардың банкроттық туралы заңнаманы қолдануы, азаматтардың тұрғын үйдi жекешелендiруi, авторлық құқық және сабақтас құқықтар, моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдану практикасы, сот төрелiгiне қол жеткiзу құқығы және Жоғарғы Соттың сот актiлерiн қайта қарау жөнiндегi өкiлеттiгi туралы нормативтiк қаулылар қабылданды.

«Осы аталған нормативтiк қаулылар соттарға дауларды шешу кезiнде қиындық туғызып келген құқық қолдану практикасындағы көптеген қайшылықтарды жояды», - деп ойын қорытындылады Е.Әбдiқадыров.

 

 




Яндекс.Метрика