Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Қ.Қасымов: Жергілікті полиция құқыққорғау органдарының қызметін халық қажеттілігіне жақындата түседі

Астана қаласында Президенттің көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Н.Б. Ермекбаевтың, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Қ.І. Ақсақаловтың, Бас прокурор А.Қ. Дауылбаевтың қатысуымен ІІМ-нің кеңейтілген алқа отырысы өтті, деп хабарлады ІІМ.
Астана қаласы22 Қаңтар , 11:04

Онда 2015 жылғы жұмыс қорытындылары, Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауының талаптары аясында ішкі істер органдарына қойылған маңызды міндеттер талқыланды.

Алқа отырысы Ішкі істер министрі Қ.Н. Қасымовтың төрағалығымен өтті. Оған министрліктің орталық аппаратының және комитеттерінің, өңірлік ішкі істер, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттерінің басшылық құрамы, Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтарының қолбасшылары және ведомстволық оқу орындарының бастықтары қатысты.

ІІМ Алқа отырысының жұмысына бірінші рет облыс әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ Мемлекет басшының «Бес институционалдық реформасы бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында берген тапсырмаларын іске асыру шеңберінде құрылған жергілікті полиция қызметінің облыс, қала және аудан деңгейіндегі бастықтары қатысты.

Қалмұханбет Қасымов өткен жыл Қазақстанның ішкі істер органдары үшін айтулы және жауапты кезең болғанын айта келе қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделінің іске асырылуына орай ұйымдастыру жұмысына елеулі өзгерістер енгізу, қылмыстарды ашу және тергеудің жаңа тетіктерін әзірлеу  қажеттілігі туындағанын сөз етті. Сонымен бірге жаңа қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнамасын пайдаланудың бір жылдық тәжірибесі оның жекелеген заңнамалық бөлімдерін қайта қарау қажеттігін, сондықтан осы мәселелерді Бас прокуратурамен, өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесе қарап, қолданыстағы заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу керек екенін айтты.

Алқа отырысында бес институционалдық реформасын іске асыру бойынша ел Президентінің тапсырмаларына сәйкес жыл басынан өз жұмысын бастаған жергілікті полицияға үлкен мән берілді. Ішкі істер министрі жаңа қызметтің құқық қорғау органдарын халыққа жақын ете түсетінін, ішкі істер органдарына деген халықтың сенімін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Министр ағымдағы жылы ішкі істер органдарына және бөліністеріне Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген ауқымды міндеттерді іске асыру үшін жағдай туғызуы керек деп тапсырды. Оның ішінде қызметтер мен бөліністердің жедел-қызметтік жұмыс көрсеткіштерін төмендетпей, қылмыс туралы барлық арыздар мен хабарламаларға жедел әрекет етуді қамтамасыз ете отырып, қылмыстық сот өндірісінің жаңа моделін іске асыруды жалғастыру қажеттілігіне тоқталды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде қылмыстық-атқару жүйесін жаңғырту, оның ішінде еңбекпен қамтуды одан әрі жалғастыру және пробация қызметін дамыту шаралары қамтылды.

Сонымен қатар, азаматтық қорғаныс бөліністерінің қызметін жетілдіру, оның қатарында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қаупінің туындауының алдын алу, олардың салдарын жою мәселелері қаралды.

ІІМ Алқа отырысының қорытындысында министрліктің орталық аппараты қызметтерінің және өңірлік департаменттерінің басшыларына тағы да басқа қаралған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берілді.

 




Яндекс.Метрика