Ұлттың денсаулығы

ОҚО-да 60-тан астам науқасқа бүйрек және бауыр трансплантациясы жасалды

Оңтүстік Қазақстан облысында бүйрек және бауыр алмастыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Өткен жылы 24 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалса, жалпы бүйрек трансплантациясы басталғалы бері өңірде 57 ота жасалып, сәтті аяқталған, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Оңтүстік Қазақстан22 Қаңтар , 17:08

Ал бауыр алмастыру отасы 4 науқасқа жасалса, оның үшеуі Белоруссия мамандарының қатысуымен өтіп, біреуі А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық  ғылыми хирургия орталығынының мамандарымен бірлесе жасалды. Сонымен қатар, өткен 2015 жылы Моңғолия және Франция мамандарымен бірлесе бауырдың қатерлі ісік ауруларына шалдыққан 14 науқасқа алғаш рет ота жасалды.

Бүгінде барлық науқастардың жағдайы жақсы, қажетті дәрі-дәрмекпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Өңірдегі денсаулық саласының сапасын арттыру мақсатында 10 мыңнан астам медициналық мамандар қайта даярланып, біліктілігін арттырған.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика