EXPO-2017

«ЭКСПО-2017» көрмесінде ерікті 100 оңтүстікқазақстандық қонақтарға қызмет етеді

Оңтүстік Қазақстан облысында келер жылы Елордасы – Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді дайындау жұмыстары басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область22 Қаңтар , 12:36

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының ұйытқы болуымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да іріктеуден өткен ерікті студенттермен кездесу ұйымдастырылды. Бүгінге дейін еріктілер жайлы мәліметтерді жинақтаған «Оңтүстік» туризм орталығының мамандары оқытушылардан бөлек, 180-ге жуық студенттің құжаттарын қабылдап, 100 еріктіні лайықты деп тапқан.

Іріктеуден сүрінбей өткен азаматтар үшін арнайы оқыту семинарлары ұйымдастырылмақ. Халықаралық көрме кезінде еріктілердің жататын орны мен тамақтандыруға жұмсалатын барлық шығын «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының қаражаты есебінен болмақ.

Айта кетейік, келер жылдың 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында Елордасында «Астана ЭКСПО-2017» көрмесі өтеді. Әлемдік шарада шетелден келген қонақтарға гид-экскурсоводтық қызмет көрсетуге 3 мыңдай ерікті жұмылдырылмақ. Олардың 1500-і Астана қаласынан болса, қалғаны аймақтардан барады.

18 бен 29 жас аралығындағы жастарды еріктілер қатарына қабылдау шаралары көктемге дейін жалғасады. Ол үшін үміткер ағылшын тілін жетік біліп, тарихымыздан хабары болуы тиіс.

Осы жұмыстар аясында 22 қаңтар күні үміткер еріктілердің қатысуымен «EXPO-ны қарсы аламыз!» гранд-балы өтеді деп жоспарлануда. 




Яндекс.Метрика