Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

Қазақстан мен Словакия құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісімге қол қою рәсімі өтті, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
Астана қаласы 22 Қаңтар, 10:46

Осы құжатқа қол қою екі ел арасындағы шарт-құқықтық базаны кеңейтіп, мемлекеттердің ұлттық қауіпсіздігі мүддесіндегі ақпарат алмасуды жандандыруға мүмкіндік береді.

Қол қою рәсімінен кейінгі кездесу барысында ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен Словак Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Петер Юза қазақ-словак ынтымақтастығының жағдайы мен оның дамуының өзекті мәселелерін талқылады.

Тараптар арада қалыптасқан достық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге өзара қызығушылықтарын тағы да қуаттады.

Қазақстан Словакияны Орталық-Шығыс Еуропа аймағында және жалпы Еуропалық Одақта өзінің сенімді саяси және экономикалық тұрақты әріптесі, сондай-ақ достас мемлекет ретінде таниды.

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика