Парламент

Т.Аббасов: ҚР Парламентінің мезгілінен бұрын сайлау өткізуі ұлттық экономика ұстанымының жаңғыртылуына орай жасалған қадам

Қазақстан Парламентінің мезгілінен бұрын сайлау өткізуі ұлттық экономика позициясының жаңғыртылуына ойланып жасалған қадам. Ол өз жолында дағдарыс барысында шашырап кетпей, барлық мемлекеттік жағдайды тұрақтылықта ұстап тұруға жол ашады. Бұл жөнінде атақты әзірбайжандық саясаттанушы және қоғам қайраткері Тофик Аббасов Strategy2050.kz АА берген сұхбатында айтып өтті.
Әлемде 22 Қаңтар, 10:14

«Қазақстандық парламентшілер  Парламентті таратып, мезгілінен бұрын сайлау өткізу туралы бастамасымен  Елбасыға өздері өтініштерін білдірді.  Бұның барлығы әлемде болып жатқан дағдарыспен байланысты. Шын мәнінде, Үкімет екінші жағынан, теңгенің құбылмалы бағамына көшу үшін, сондай-ақ тиісті, адекваттық, жағдайды тұрақтандыру мақсатында дағдарысқа қарсы механизмдерді қарастыру бойынша жағдайлар жасауда. Мезігілінен бұрын сайлауды өткізу идеясы өткен жылғымен салыстырғанда сәтті механизм болып келеді. Бүгінгі күні жеке ұлттық элиталармен жедел кеңестер өткізіліп, өз жолында тиісінше шығу жабауабын беруге көмегін тигізеді. Өйткені ол барлық мемлекеттердің қызығушылығында жатыр, және көбінесе өз экономикасында мұнай және газ секторларына төлем қоятын елдер»,-деді Т.Аббасов:

Сонымен қатар, саясаттанушының айтуынша, Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаев прагматикалық саясаттанушы болып, әрдайым алдын ала қажетті шаралар қабылдап жүреді. Мемлекет басшысы болашақтағы елдің экономикалық жағдайына орай, позицияларды мен әсерлерді жандандыру үстінде. Осылайша, мемлекетке барлық процестерді бақылауда ұстауға, ал ең бастысы барлық тұрғындарға жақсы өмір сүру дәрежесін қалыптастыра алады.

«Ең бастысы, менің білуімше, Қазақстанда энергия тасымалдаушының бағасы ауытқыған кезде, Президенттің бұйрығымен Үкімет «әлеуметтік лифтіні», «әлеуметтік жастықты» жасайды, бұл кедей санаттағы адамдардың  экономикалық құлдырау әсерін сезінбеуге септігін тигізеді»,-деді ол.

 Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы V шақырылымдағы Парламент Мәжілісі өкілеттігін тоқтату туралы Жарлығына қол қойды.  Мерзімнен бұрын сайлау 2016 жылы 20 наурызда өткізіледі.

Индира Қауметова

Фото: azerros.ru сайтынан





Дерекнама

Яндекс.Метрика